Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2016

"Спорттық Алматы - 2016"

"Спорттық Алматы - 2016"

"Спорттық Алматы - 2016"

"Спорттық Алматы - 2016"

Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы, Білім басқармасы, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірігіп бекітілген қала халқын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға бағытталған жоспар шеңберінде Алматы қаласының 1000 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Спорттық Алматы - 2016» жарысы «Ғабиден Мұстафин атындағы №191 ЖББМ» КММ-де өтті.
Аталған Спорттық жарысты ұйымдастырудың мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу.
Жарысқа 5-8 сынып оқушылары белсенді қатысып, үлкен жауапкершілік пен қызығушылық танытты. Жарыс түрлері: асық ату, шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі. Жарыстың ашылу салтанатына мектеп ұстаздары, ата-аналар, оқушылар қатысып, осындай игі іс-шараның оқушы өміріне пайдалы екенін айтты. Мектебіміздің әрбір оқушысы спортқа деген қызығушылықтарының жоғары деңгейде екенін байқатты. Жарыс қорытындысы ұйымдастыру комитетінің «Спорттық Алматы - 2016» төс белгісімен, арнайы дипломдармен марапаттаумен аяқталды.
«Ғабиден Мұстафин атындағы №191 ЖББМ» КММ-нің ұжымы 16.09.16ж өткен «Спорттық Алматы - 2016» жарысыны ұйымдастырушыларға Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысын білдіреді.