Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жолда жүру ережесін білу - міндет!
27
ноябрь
2018
/ /
Жолда жүру ережесін білу - міндет!
2018-2019 оқу жылында оқушылардың жол-көлік салдарынан жарақаттанудың алдын алу бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Жолда жүру ережесі айлығының мақсаты - оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, көшеде дұрыс жүруге, жол белгілерін жатқа білуге үйрену және жолда көлік апаттарынан сақтандыру мен оқушылар өмірінің қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Айлық барысында 1-4, 5-8 сынып оқушыларының «Мектептен үйге баратын жол» сызбасы сызылған. ЖЖЕ
1-ші орын
27
ноябрь
2018
/ /
1-ші орын
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған аудандық іс-шарада мектебіміздің командасы 1-ші орынды иеленді.
Темекінің зияны
27
ноябрь
2018
/ /
Темекінің зияны
Дүниежүзілік темекімен күрес күніне орай мектепте мектепішілік «Өмірді темекісіз таңдаймыз» тақырыбында акция ұйымдастырылып өткізілді. Акция барысында оқушыларға темекінің зияны туралы бейнероликтер көрсетіліп, мектеп медбикесі темекінің адам өміріне өте қауіпті екені туралы айтты. Оқушылар акцияға белсене қатысып, өз ойларымен де бөлісіп жатты.
Салауатты өмір салты
27
ноябрь
2018
---
Салауатты өмір салты
2018-2019 оқу жылының қазан айында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Мен және менің отбасым» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері ата-аналармен бірлесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп алаңында жарыстар өткізді. Жарысқа ата-аналар мен оқушылар белсене қатысты.   
Қарттарым-асыл қазынам!
27
ноябрь
2018
---
Қарттарым-асыл қазынам!
Оқушылардың бойында қамқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін арттыру мақсатында аға тәлімгер А.Жұмабекқызының ұйымдастыруымен мектебіміздің оқушылары Алматы қаласындағы “Нұр” қарттар үйіне барып, Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында іс-шара ұйымдастырып қайтты. «Нұр» қарттар үйінің ұжымы мен қарттар үйінің тұрғындары шексіз алғыстарын білдірді.
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Алматы қаласының мұражайларына саяхат
27
ноябрь
2018
/ /
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Алматы
Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында Алматы қаласының мұражайлары мен саябақтарына арнайы экскурсиялар ұйымдастырылды.
Бала құқығы - адам құқығы
27
ноябрь
2018
/
Бала құқығы - адам құқығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 19- 30 қараша аралығында республика көлемінде «Бала-құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік басталды. Осыған орай, мектебімізде арнайы онкүндіктің жоспары құрылып, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мақсаты – білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру. Сонымен қатар, мектептегі балалардың сапалы білім,